«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Новое обращение пользователя бакытжан

ID - 1649

Сұрақ

Сәлеметсіз,аса Мәртебелі Мырза Табиғат Қабденович!!!
Огромное спасибо что мое обращение не оставили без внимание!Алла Тағаланың Сізге және отбасыңызға нұр-шапағаты төгіле берсін!26.06.15ж.Майқұдық участкісінің контролерлері:Пономарева Т.В..,Ершебаева З.Ж акт жазып,алып кетті.Біра маған оқытқан жоқ,суға пломба қою керек деп настояли,я пока не хотела,аяғына дейін шешімін таппайынша,но и в конце поставили пломбу.Мен қарсы болған едім,өйткені актіде "оплате стоимости затрат на отключение и подключение-3500тенге деп жазылып
тұр.Кейін қостырсам ондай қаражатты қайдан алам деп отырмын?!Енді не болады?
Сізден менің обращениеме тез арада жауап бола қоймас деп,25.06.2015ж. лицевой счет №50058500 5000 тенге төлеп қойып едік.Ол ақша біреуден қарыз алған едік.
Аса мәртебелі Мырза Табиғат Кабденович!!"Егер рұқсат етсеңіз сол төлеген 5000тн.ақшаны қайтарып берсеңіз жақсы болар еді.Ақшасыз отырмыз.Немесе ТОО қарағандыЖылуСбытқа лицевой счет №45243(отопленияға)или №884904(электроэнергияға)аударып жібере аласызба?
Қасиетті Рамазан айында үлкен кешірім сұраймын Сізде,табиғат Қабденұлы!!!Ораза айында біз сияқты жетім-жесір,2топ мүгедегіне көрсеткен қайырымдылық көмегіңіз бір Алла Тағаладан қайтсын!!!
Алдын ала рахметімді айтамын жәнеде Сіздей Жаны жайсан,Үлкен жүректі адамдар аман болсын демепін.
А/қ:Абонент №178702.29.06.2015ж.
Жауабыңызды менің личный почтама (е-mail)жіберіңізші.

Жауап

Мәліметтердің ақпараттық базасы бойынша Сіздің мекен жайыңыз бойынша 30.06.2015 жылғы жағдайы бойынша сумен қамту және ағынды суларды бұру қызметтері үшін қарыз 5890 теңгені құрайды, бүгінгі таңда сумен қамту және ағынды суларды бұру қызметтері үшін есептеулер жүргізілмейді.
26.06.2015 жылғы пәтерішілік желілерді ажырату туралы акті негізінде үй иесінің өтініші бойынша су құбырындағы жабық күйінде суық су бұрағышын пломбылау арқылы сумен қамсыздандыру қызметтерінен ажырату қызметі іске асырылған болатын, яғни ажырату сіздің өтініміңіз бойынша жүзеге асырылды. Акті екі данада құрылып, оның біреуі Сізге табысталған.
Келісім комиссиясы Сіздің өтінішіңізді қарастыра отырып, Сіздің жай-күйіңізді ескеріп, қосылу шығындарын есептеместен суық сумен қамсыздандыру қызметіне қосылуға рұқсат береді.
Сіз төлеген 5000 теңге көлеміндегі сома негізгі қарызды өтеу есебінде Сіздің дербес шотыңызға аударылды.

Бас директор Т. Зейнұлқабден